420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа жыл қарсаңында жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады

  • 161
  • UPD: 13:04, 28.12.2020
Жаңа жыл қарсаңында жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады

Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда.

Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты.

Алайда 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі​ қамтамасыз етіледі.

Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда.

Вагондар мына бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:

1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;

2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;

3) Павлодар – Пресногорьковская;

4) Қызылорда – Семей;

5) Ақтөбе – Атырау.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы