426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

  • 297
  • UPD: 14:45, 28.12.2020
Елордада демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес экспресс-бағыттарды қоспағанда қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қатынайды.

Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ автобустардың жүру уақыты сағат 23:00-ге дейін сақталады.

«Жолаушыларды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобустарға алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы