419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді

  • 182
  • UPD: 15:09, 28.12.2020
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді

ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде цифрлық құжаттар жиынтығын кеңейту бойынша жұмыс жүргізді.

Енді eGovMobile қосымшасында зейнеткер куәлігі мен қандас куәлігі қолжетімді.

Сервис өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы жоқ адамдарға пайдалы болады. Куәлік иесі (зейнеткер немесе қандас) оны талап еткен жері бойынша ұсына алады немесе телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатын көрсете алады. Сонымен қатар цифрлық құжаттарда QR-код арқылы ашу мүмкіндігі бар, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

«Қазір Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалтадағы смартфонсыз өмірді елестете алмайды, сондықтан цифрлық құжаттарды пайдалану ыңғайлы, өйткені смартфонды әрдайым дерлік өзімізбен бірге алып жүреміз. Өзіңізбен бірге қағаз құжаттарды алып жүрудің қажеті жоқ. Бұл сервис электрондық үкімет арқылы тексерілген», – деп атап өтті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Бүгінгі күні сервисте мына құжаттар да бар: жеке куәлік, некені тіркеу туралы куәлік, білімі туралы диплом, баланың туу туралы куәлігі, студенттік билет және т.б.

«Сондай-ақ жыл соңына дейін азаматтың әлеуметтік мәртебесін көрсететін әлеуметтік ID бірыңғай цифрлық құжатын іске асыру жоспарлануда. Жақын арада көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құжаттары және басқалары цифрлық форматқа көшіріледі. Уақыт өте келе біз құжаттардың қағаз нұсқаларынан мүлдем қажет болмайды», – деп толықтырды Ербол Оспанов.

Ақпарат көзі: ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы