419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 158
  • UPD: 17:36, 28.12.2020
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

29-31 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында 29 желтоқсанда тұман болады деп күтіледі.

29-31 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерде тұман сақталады. Шымкент қаласы мен Түркістан қаласында да кей уақытта тұман болады.

29 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Орал қаласында 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

29 желтоқсанда Атырау облысының кей жерлерінде және Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

Сондай-ақ Ақмола облысында түнде басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында түнде және таңертең жаяу бұрқасын болады.

29 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласы 29 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады.

Хабар 24 телеарнасы