Астанада Жаңа жыл қарсаңында отшашу болмайды.
Бұл туралы елорда әкімдігіндегілер айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.
«Жаңа жыл мерекесі кезінде қала тұрғынына барлық санитарлық норманы, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу қажет екенін еске саламыз. Жаңажылдық мерекелер біреу үшін аурухана төсегіне айналмауы керек екенін түсіну қажет. Оған жол беруге болмайды», - деп ескертті әкімдіктегілер.