Артық салмақ тастауға көмектесетін жеміс анықталды

Күнде тамақтанар алдында бір алмадан жеу артық салмақтан арылуға көмектеседі, деп жазды The Sun.

Британиялық диетолог Роб Хобсонның айтуынша, алманы үнемі тұтыну бір жылда бес келіден артық салмақ тастауға көмектеседі. Ол аталған жемістің шоколад немесе кез келген басқа калориялы тәттілерден үш есе тойымды екенін айтып өтті.

«Жүз грамм алманың құрамында 1,2 грамм тағамдық талшық бар, оны әсіресе тамақтанар алдында жегенде өзімізді тоқ сезінеміз», - деп түсіндірді Хобсон.

Маман алманың ішек микрофлорасын реттеуге көмектесетінін, ол салмақ жоғалтуға және майдың жиналуын бәсеңдетуге ықпал ететіндігін де айтып өтті.

Адам өмірін 17 жылға ұзартатын жеміс табылды

Ғалымдар: Алма жүрек ұстамасы мен инсульт қаупін азайтады