420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ескерту: Ақмола облысында мереке күндері қатты аяз болады

  • 192
  • UPD: 15:10, 29.12.2020
Ескерту: Ақмола облысында мереке күндері қатты аяз болады

Ақмола облысында алдағы күндері қатты аяз болуы мүмкін.

Мәселен, 30 желтоқсан күні аймақта ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендесе, мереке күндері 35, кей жерлерде тіпті 38 градусқа дейін суытады деген болжам бар.

«Мұндай аяз 2 қаңтарға дейін сақталады», - дейді, синоптиктер. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті аса қажет болмаса тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады.

Айта кетейік, аязға байланысты өңірдің күштік құрылымдары ертеңнен бастап күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қанат Доспаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жолға шығар алдында көлікті дайындау керек. Мәселен, дизель отынын тұтынатын автомобильдерге міндетті түрде қыстық сұйық отын құйылуы тиіс. Ал, көлікте сіріңке, майшам, күрек, жылы көрпе және қосымша тамақ болуы қажет. Яғни, сақтық шараларын барынша күшейткен абзал.

Хабар 24 телеарнасы