419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бес облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 177
  • UPD: 23:07, 29.12.2020
Бес облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Бес облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

30-31 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасындатады.

30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Ертең түнде және таңертең Оралда тұман түседі.

30 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Ертең түнде және таңертең Ақтөбе қаласында тұман болады.

30 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 27-32 градусқа дейін күрт төмендейді, 31 желтоқсанда түнде, 1 қаңтарда минус 30-35, кей жерлерде 38 градус қатты аяз болады.

Хабар 24 телеарнасы