Нұр-Сұлтандағы триатлон паркінде айдаһарлар мекендейтін қамал бой көтерді.
Онда суретке түсетін орындар, тамашалайтын алаң, коньки мен тюбингті жалға беретін павильондар мен тамақтанатын орындар бар. Одан қалды сырғанауға арналған 6 метрлік төбешік жасалған.
Аниматорлардың қатысуымен түрлі ойындар да өкізілмек. Демалыс орнының ашылу салтанаты 30 желтоқсан күні сағат 18:00-де болады.
Жалпы, елордада жаңа жылға дейін 13 мұз қалашығы салынатыны айтылған:
– «Көктал» саябағы;
– «Жастар» сарайы;
– Есіл өзенінің жағалауы;
– «Времена года» саябағы;
– Ақ Бұлақ жағалауы;
–«Жерұйық» саябағы;
– шаңғы трассасы;
– «Керуен» СОСО;
– триатлон паркі;
– Тұңғыш Президент саябағы;
– Ботаникалық бақ;
– ЭКСПО;
– Оқушылар сарайы.