421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар ауадан COVID-19-ды анықтайтын құрал жасап шығарды

  • 137
  • UPD: 10:57, 30.12.2020
Ғалымдар ауадан COVID-19-ды анықтайтын құрал жасап шығарды

Испаниядағы Валенсия политехникалық университетінің ғалымдары ауадағы SARS-CoV-2 вирусын тікелей анықтай алатын қондырғы ойлап тапты.

Бұл туралы РИА Новости Валенсия университеттері қауымдастығының сайтына сілтеме жасап жазды.

«Зерттеуді ПТР-тесттерінсіз COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін ескерту және бақылау жүйесі ретінде пайдалануға болады», - дейді зерттеу авторларының бірі Серхи Мораис.

Жүйеге қоршаған орта аэрозольдерінде вирустық ақуыздардың бар-жоғын бақылайтын өте сезімтал биосенсор кіретіні айтылған.

Зерттеушілердің пікірінше, олардың өнертабысы аурухананың ішінде инфекция жұқтыру ықтималдығын төмендету бойынша ұсыныстарды әзірлеуге көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы