Елорда маңына қатынайтын сегіз автобус бағдары тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының Фейсбуктегі парақшасында жазылды. 

«Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда» делінген хабарламада. Сондай-ақ компания өкілдері 3-4 қаңтарда барлық автоусбатр түнгі 23:00-ге дейін ғана қатынайтынын хабарлады.