421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында аяз салдарынан көлік қозғалысы шектелді

  • 234
  • UPD: 11:41, 04.01.2021
Павлодар облысында аяз салдарынан көлік қозғалысы шектелді фото: ult.kz

Бірнеше күнге созылған қатты аязға байланысты Павлодар облысында дизель отынымен жүретін көліктерге және қала сыртына шығатын автобустардың қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл транспорт түрлеріне республикалық маңызы бар жолдарға шығуға да шектеу қойылған.

Айдын Қажыбеков, Павлодар облысы ТЖД басқарма басшысы:

- «Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін түнде, яғни 4 қаңтарда Павлодар облысында -35-40 градус аяз сақталып тұр. Павлодар қаласындағы температура -38 -40 градус. Кей жерлерде тұман болады. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдарда жолаушы тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.

 

Хабар 24 телеарнасы