Елордада 7 қаңтар күні қоғамдық көлік жүреді

Алдағы Рождество мерекесіне орай 7 қаңтар демалыс күн болып жарияланғаны белгілі.

Алайда елордада қоғамдық көлік әдеттегідей жұмысын жалғастырады. 7 қаңтарда автобустар жүреді, деп хабарлады City Transportation Systems.

Еске салсақ, автобустарда маска тағу режимін сақтау керек және жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.