Ұзақ өмір сүруге әсер ететін өнімдер аталды

Өсімдік тектес өнімдердің денсаулыққа пайдасы мол, оның ішінде ұзақ өмір сүруге көмектесетін қасиеттері бар, деп жазды Express АҚШ-тағы Кливленд клиникасы зерттеушілерінің қорытындыларына сілтеме жасап.

Дәрігерлер пайдалы өнімдер ретінде брокколи, брюссель қырыққабаты мен гүлді қырыққабатты, жапырақты қызылша, тарна, репа және васабиді атады.

Бұлардың ағзадағы зиянды заттарды шығаруға қабілетті екендігі айтылған. Оларды үнемі тұтынғанда ағзада табиғи түрде өз-өзінен тазару процесі басталады.

Дегенмен, жақсы нәтижеге қолжеткізу үшін күн сайын көкөністердің бес порциясын тұтыну керек.