ШҚО: маңызды жолдарда дизельді көлік қозғалысына шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңыздағы жолдарда дизельді отынмен жүретін көліктер қозғалысына түнгі мезгілде шектеу қойылды.

Аймақта сақылдаған сары аяз тұрғалы бір аптаға жуықтап қалды. Ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеген көрсеткіштер тіркелген. Өткен айда жолдарда көліктері қатып, сапарларын жалғастыра алмай қалған 20-дан астам жолаушылар мен жүргізушілер қауіпсіз жерлерге жеткізілген болатын. Ал кеше кешқұрым төтенше жағдайлар қызметі, Өскемен-Семей жолында көліктері сынып, жолда қалған бірнеше жолаушыға көмек көрсетіп, оларды Таврия ауылындағы жылыну  пунктіне апарды. Күн райының қолайсыздығына байланысты мамандар тұрғындарға әлі де алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ...