Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

7 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Орал қаласында 7 қаңтар түнде және таңертең тұман түседі.

7-9 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. 7 қаңтар түнде облыстың кей жерлерінде 25 градус аяз болуы мүмкін. Шымкент қаласында 7 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Түркістан қаласында 7 қаңтарда тұман түсуі ықтимал.

7 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батыс бөлігінде көктайғақ болады. Ақтау қаласында 7 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

7-8 қаңтар түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз болады.

Сондай-ақ...