Қарағанды облысында аязға байланысты дизельмен жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖД мәліметінше, үш жолда шектеу енгізіледі.
«7 қаңтар сағат 18:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, Алматы-Екатеринбург (1070-1142 шақырымда), Теміртаудан Ақмола облысына дейін дизельмен жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынады», - деді ТЖД өкілдері.
Сондай-ақ 7 қаңтар сағат 18:00-ден бастап қатты аязға байланысты Қызылорда - Павлодар тас жолында (1066-1135 шақырым) Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін, Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау тас жолында (104-51 шақырым) Нұра ауылынан Ақмола облысына дейін дизельмен жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды.