419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұман, бұрқасын: бірнеше облыста ескерту жарияланды

  • 268
  • UPD: 16:04, 08.01.2021
Тұман, бұрқасын: бірнеше облыста ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты үш облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

9 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с болуы мүмкін.

9-13 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. 12-13 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 9 қаңтарда күндіз, 10-13 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12, 13 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады. Тараз қаласында 9-13 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. 12, 13 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с. Петропавл қаласында 9 қаңтар күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы