Ауа райы: жеті облыста ескерту жарияланды

Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

10 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетелі. Ертең күндіз Ақтөбе қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде және таңертең екпіні 15 м/с жетеді. Нұр-Сұлтанда 10 қаңтарда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Павлодар қаласында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан тұрған желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел, оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Қостанай қаласында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел, оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Петропавлда жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытына ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Сондай-ақ...