БҚО-да республикалық маңыздағы барлық жолдар жабылды

БҚО-да күн райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңыздағы барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шектеу әзірге жолаушы тасымалымен  айналысатын қоғамдық көліктерге ғана қатысты. Өңірде кеше қар аралас жаңбыр жауған еді. Ал түнде барлық жерде көктайғақ орнап, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысына айтарлықтай  қолайсыздық туғызды.

Ауа райы алдағы күндерде де бұзылуы мүмкін. «Сондықтан алыс жолға шыққан жолаушылар сақтық шараларын ескерген жөн», - дейді ТЖД қызметкерлері.

Нұралы Мүсиев, облыстық ТЖД бас маманы:

- Барлық құзыретті органдарға, коммуналдық және жол қызметтеріне тапсырмалар жолданды. Осы орайда облыс тұрғындарына айтарымыз, елді мекендер арасындағы жолға шығудан бас тартыңыз. Көп қабатты тұрғын үйлердің төбелерінде мұздақтар пайда болуда, сол себепті көше бойында жүріп келе жатқанда абай болып, жоғарыда тұрған мұздақтарға сақ болыңыздар.