419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігер денсаулыққа қауіпті таңғы әдеттерді атады

  • 247
  • UPD: 11:31, 11.01.2021
Дәрігер денсаулыққа қауіпті таңғы әдеттерді атады

Таңертең ұйқыдан толық оянғанға дейін дене жаттығуларын жасамаған жөн.

Бұл туралы британдық дәрігер Мириам Стоппард айтты, деп жазды iz.ru.

«Оянған соң бірден абайсыз қимылдар жасау тіпті омыртқалардың ығысуына әкелуі мүмкін», - деді.

Сарапшы таңертең бір стақан апельсин шырынын ішу де ағзаға зиян келтіруі мүмкін екенін айтып өтті. Ол метаболизмді шамадан тыс жүктейді және қан құрамындағы қантты күрт көбейтеді.

Сонымен қатар аш қарынға ішілген кофе қандағы қант деңгейін бір жарым есе арттыратынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы