Елордада екінші ауысымдағы барлық сынып оқушыларына сабақ онлайн өтеді

Елордада күн райының бұзылуына байланысты екінші ауысымдағы барлық сынып оқушыларына мектепте сабақ болмайды.

Олар бүгін оқуын қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы жел екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып тұр.