Елордадан екі бағытқа шығатын жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан екі бағытқа шығатын жол жабылды, деп хабарлады ҚазАқпарат ТЖД-ға сілтеме жасап.

Сағат 12:10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан қаласы – Петропавл автожолының 18-231 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласы – Щучинск қаласы) барлық көлік түрі үшін жабылды.

Сағат 12:35-тен бастап қолайсыз ауа райына байланысты (қатты жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы автожолының 1291-21426 шақырымында (Нұр-Сұлтан қаласы – Теміртау қаласы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.