Қостанайда аяз салдарынан сабақ болмайды

Қостанайда қатты аяз салдарынан сабақ тоқтатылды.

Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады. Сабақтан бірінші ауысымдағы 0-ден 9-сыныпқа дейінгі оқушылар босатылды. Олар қашықтан оқиды. Таңертең облыс орталығында термометр көрсеткіші 27 градусқа төмендеді. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы да ұлғайды. Кей жерлерде оның қарқыны секундына үш метрге дейін жетті.