Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазгидромет 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

14-15 қаңтарда Салехард аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады.