Қостанай облысында екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Бүгін бірінші ауысыммен қатар екінші ауысымда оқитын қостанайлық оқушылар үшін де сабақ болмайды.

Аяз салдарынан облыс орталығының, Рудный және Қостанай ауданының барлық оқушылары қашықтан оқитын болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. Өңір бойынша таңертеңнен сынап бағанасы -27 градусты көрсетіп тұр. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына бес метрге жеткен.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы