Алты облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

14 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз Мұғалжар ауданында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Болжамның ықтималдылығы 90-95%.

14 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерде тұман, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 14 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

14 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 14 қаңтарда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

14 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Орал қ.: 14 қаңтар тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с.

Болжамның ықтималдылығы 85-90%

Түнде 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, ауа температурасы 28-33 аязға дейін төмендейді.

14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Петропавл қ: түнде 14 қаңтарда ауа температурасы 35-37 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ...