Автобустар мен дизельді көліктер үшін елордадан шығатын жолдар ашылды

Ауа райының тұрақталуына байланысты елордадан шығатын жолдар ашылды, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

14 қаңтар сағат 10:00-де ауа-райының тұрақталуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын республикалық маңызы бар барлық бағыт бойынша қоғамдық көлік және дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу алынды.