Тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» ауа райына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

16 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

16-18 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

16 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

16 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Орал қаласында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

16 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан, жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 16 қаңтарда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні – 15 м/с.

16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Петропавл қаласында түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.