Алматы - Өскемен республикалық жолында көлік қозғалысы шектелді

Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюіне байланысты тас жолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.

«Қазавтожол» ЖШС мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 17:30-да ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда желдің күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 778-967 шақырымында (Аягөз қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының арасы) жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Осы ретте ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.