Еліміздің сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша еліміздің 8 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

18 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 18 қаңтарда түнде тұман күтіледі.

18 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында 18 қаңтарда тұман күтіледі.

Күндіз 18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Түнде 18 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында түнде 18 қаңтарда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

18 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында 18 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде 18 қаңтарда Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында түнде 18 қаңтарда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

18-20 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 18-20 қаңтарда кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 19, түнде және таңертең 20 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында 18-20 қаңтарда кей уақытта тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең 20 қаңтарда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.