Қазақстанның он өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады.

Осыған байланысты синоптиктер 10 аймақта дауылды ескерту жариялады. Әсіресе Қазақстанның батысындағы барлық облыста қалың тұман болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Дәл осындай жағдай Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында күтіледі. Ал оңтүстікте Түркістан мен Жамбыл өңірлерінде жел күшейеді. Көктайғақ болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Жамбыл облысында алдағы күндері желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді делінген «Қазгидромет» жариялаған хабарламада.