420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Наркоз адам өмірін бес жылға қысқарта ма? Маман жауабы

  • 326
  • UPD: 10:28, 18.01.2021
Наркоз адам өмірін бес жылға қысқарта ма? Маман жауабы aif.ru

Ресейлік анестезиолог Александр Калмыков науқастардың операция алдындағы қорқынышы туралы айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, әдетте операция алдында науқастарда наркозға қатысты сұрақтар туындайды. Маман солардың арасында «наркоз өмірді бес жылға қысқартады» деген болжам кеңінен танымал екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды «Говорит Москва».

«Жалпы анестезияға арналған препараттардың өзге салаларда қолданылатындардан айырмашылығы жоқ. Олар адам өмірін қысқарта алмайды. Бұл дәлелденген факт емес, жай ғана аңыз», – деді ол.

Одан қалды науқастарды «наркоз кезінде оянып кету мүмкін бе?» деген сауал да жиі қызықтырады екен.

«Жалпы анестезия кезінде оянып кету мүмкін емес. Анестезия ұшақпен ұшу секілді, белгілі бір биіктікке жеткен соң, автопилот қосылады. Құрылғылар анестезияның тереңдігін бақылап тұрады. Сондықтан дәрігердің қалауынсыз науқас оянып кете алмайды. Бірақ науқастардың операцияның соңында, таңғыш қойып жатқанда оянып кеткен кездері болған», – дегенді алға тартады Калмыков.

Хабар 24 телеарнасы