Еліміздің 10 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел екпіні күшейіп, көктайғақ болады.

Осыған байланысты 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қолайсыз күн райы күтілуде. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Еліміздің батыс айматарында көктайғақ болады. Қалың тұманнан жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. «Ал, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді», - дейді синоптиктер. Дәл осындай жағдай Қарағанды облысында да байқалады.

Сондай-ақ...