Тұман, бұрқасын: үш облыста ескерту жарияланды

«Қазгидромет» Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

20 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Орал қаласында тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Солтүстік-Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Петропавл қаласында 20 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні – 23-28 м/с.

20 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 20 қантарда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.