Жерге 55 метрлік астероид жақындап келеді – NASA

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарышты зерттеу басқармасы (NASA) 22 қаңтарда 55 метрлік 2020 YE5 астероиды Жердің жанынан ұшып өтетінін хабарлады.

NASA мәліметтері бойынша, астроидтың жылдамдығы секундына 10,5 км немесе сағатына 37 800 км құрайды. Осылайша, ол Жерді бір сағаттың ішінде айналып өте алады. Салыстыратын болсақ, Ай Жерді 28 күнде айналады.

Астрономдар 2020 YE5 астероиды 22 қаңтарда шамамен 384 мың км қашықтықта Жерге жақындайтынын айтуда. NASA-ның хабарлауынша, ол планетамызға ешқандай әсер етпейді.