Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

Қарағанды облысында 23 қаңтардан бастап, сенбі және жексенбі күндері қалааралық қоғамдық көліктер жүрмейді.

Ал жексенбіде көлемі 2 мың шаршы метрден асатын барлық сауда-ойын сауық орталықтары, жабық базарлар жұмысына тыйым салынады. Мәдениет нысандарының жұмысы жалпы сыйымдылықтың 20 процентінен аспауы тиіс. Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанбаса алдағы уақытта шектеу шаралары тағы да күшейтілуі мүмкін. Себебі облыста қауіпті індет жұқтырғандар саны артқан. Бүгінгі күні инфекциялық ауруханада 432 адам ем қабылдап жатыр. Екеуі өкпені жасанды жолмен желдету аппаратына қосылған. Пандемия басталғалы облыс бойынша ауырғандар саны 13 мың адамға жуықтаған.  

Юрий Залыгин,  облыстың  бас санитар дәрігері:

- Жүргізілген эпидемиялық сараптама нәтижесінде індеттің таралуы қаңтар айында өткен аймен салыстырғанда 44 процентке өскен. Бұл жаңа жылдық мейрам кезінде санитарлық талаптардың сақталмағанын айқын көрсетеді. Сондықтан кәсіпорын қызметкерлерінің кемі 60 проценті қашықтықтан жұмыс жасауы керек. ХҚКО, банк, Қазпошта жұмысы алдын ала жазылу бойынша 09:00-18:00 дейін істейтін болады.