Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауады

Желдің екпіні күшейіп, көктайғақ болады дейді синоптиктер.

Осыған байланысты 11 өңірге дауылды ескерту жарияланды. Оның ішінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қалың қар түседі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына күндіз 20, түнде 28 метрге дейін жетеді. Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында көктайғақ болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Дәл осындай жағдай Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында да күтіледі. Ал Нұр-Сұлтан қаласында сынап бағанасы 15 градусқа дейін төмендеп, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді делінген «Қазгидромет» жариялаған хабарламада.