Барлық бала білікті ұстаздан тәлім алуға құқылы – Мәжіліс депутаты

Ол үшін мектептер сапалы педагог кадрлармен қамтылуы қажет.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мектепке білікті кадрларды тартуға қатысты ұсыныс жасады. Оның айтуынша, білікті маманның тапшылығына байланысты кей ата-аналар баласын ақы төлеп, қосымша оқытуға мәжбүр. Бұл білім алуда әлеуметтік теңсіздік тударады. Сондықтан мықты мұғалім дайындау үшін ауыл мектептеріндегі үздік оқушыларды педагог мамандығын таңдауға үгіттеу керек. Оған қоса жоғары оқу орнында теориялық біліммен қатар педагогикалық тәжірибе мерзімін едәуір ұзартуды айтты. Сондай-ақ жаңа инновациялық педагогикалық технологияны, әдіс-тәсілдерді студенттерге тиімді үйрету мақсатында, еліміздегі новатор ұстаздардың авторлық курстарын ұйымдастыруды ұсынды.