Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Солтүстік және оңтүстік циклондардың қосылуы республиканың оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын тудырады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және шығыста, сондай-ақ орталықта өте қатты жел болуы ықтимал. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -25...-30°С дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.