Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілі қолжетімді:

– enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдану;

– ЭЦҚ немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдана отырып, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы;

– ЭЦҚ немесе ЖСН және mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік парольді пайдалана отырып, cabinet.enpf.kz/porog порталы арқылы;

– eGov.kz «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» сайтында немесе eGov Mobile ұялы қосымшасы арқылы;

– салымшының enpf.kz сайтында қалыптастырған үзінді көшірмесін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына жіберуі арқылы;

– салымшының қосымша өтініш беруін қажет етпейтін, оның БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме жіберу арқылы;

– пошта байланысы қызметі арқылы (БЖЗҚ дерекқорында тіркелген пошта мекенжайына жыл сайын хабарландыру барысында жылына бір рет);

– салымшы жеке куәлігімен БЖЗҚ-ның кез келген жақын орналасқан өңірлік бөлімшелерінің біріне баруы арқылы.

«БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінде қызмет алу үшін enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, арнайы нысанды толтырып,  дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықтағы ыңғайлы уақытты таңдап, алдын ала жазылуға болады. БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы «Байланыстар», «Өңірлік желі» бөлімдерінде берілген картадан ең жақын бөлімшені таңдау мүмкіндігі де бар. Онда бөлімшенің жұмыс кестесі, кезекші қызметкер туралы деректер мен байланыс телефондары көрсетілген», - деп хабарлады қор.