Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің айтуынша, желдің екпіні күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Атап айтқанда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына қар түседі. Желдің екіпіні секундына 28 метрге дейін, ал кей жерлерде 30 метрге дейін жетеді. Бұл жағдай алдағы екі күн бойы қайталанады. Бұған қоса, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман және көктайғақ болады. Сәйкесінше, жолдағы қозғалыс та қиындауы мүмкін.