Тағы бір банктен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға болады

Тағы бір банктен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді отандастарымыз тек «Отбасы банкіне» ғана жүгінбейді, «Халық банк» те зейнетақы қаржысын мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор болып бекітілді. Екінші деңгейлі банк арқылы онлайн шот ашуға болады. Ол үшін «Хоум банк» мобильді қосымшасын жүктеп, өтініш толтырасыздар. «Халық банкте» ашылған  шотқа зейнетақы жинақтарының бір бөлігі түседі. Оны үйдің алғашқы жарнасы ретінде пайдаланып қоймай, пәтерді жөндеп, ипотеканың белгілі бір бөлігін төлеуге жұмсай аласыздар.