Аяз, тұман: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

23 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі.

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с және одан аса желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қ.: 22 қаңтарда таңертең және күндіз қатты қар күтіледі. Күндіз ауа температурасының 3-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

22-23 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қ.: 22 қаңтарда ауа температурасының күндіз 6-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

22-23 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.

22 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

22 қаңтарда Қызылорда облысында ауа температурасының түнде 15-20 градус аязға дейін, күндіз 3-8, кей жерлерде 11 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

22 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Күндіз 22 қаңтарда Талдықорған қаласында көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

22 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 22 қаңтар түнде және таңертең тұман күтіледі.