Ақмола облысында алдағы демалыс күндері қатты аяз болады

Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің өңірлік филиалы хабарлады.

Жергілікті синоптиктердің айтуынша, аймаққа Ресейдің солтүстігінен келетін антициклонның салдарынан облыс аумағының басым бөлігінде ауа температурасы күндіз 25, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді. ч

Даниел Жұмажанов, «Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының бөлім жетекшісі:

– Алдымыздағы аптада кезекті циклонның өтуіне байланысты жылы ауа массаларының келуімен күндізгі уақыттарда 3-8, кей жерлерде 11 градус шамасында болады. Осыған байланысты кей жерлерде қар жауып, екпінді жел 15-20 метр секунд күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.