Ауа райына байланысты 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің біраз бөлігінде жел екпіні күшейіп, аяз қысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Әсіресе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында сынап бағанасы күрт төмендейді. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Ал, желдің жылдамдығы секундына 20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді.

«Дәл осындай күн райы Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында да болады», - дейді синоптиктер. Жамбыл облысында тұман болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Бұған қоса, Маңғыстау, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында да тұман басып, жел күшейеді.