Зейнетақы жинақтарын алу: өтініш беру нақты қай уақытта басталады

«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу үшін сайтта өтініш беру нақты қай уақытта басталатынын айтты.

«Біз бағдарламаны асыға күткендердің барлығын сенбі күні таңғы 09:00-ден бастап күтеміз. Біз әдейі демалыс күнін таңдадық, себебі кез келген адам үйінде отырып өтініш бере алатындай болсын дедік», – дегенді алға тартты Ибрагимова ОКҚ-да өткен брифингте.

Зейнетақы жинақтарын баспана мәселесін шешуге пайдалану 800 мыңнан астам қазақстандық үшін жаңа мүмкіндікке жол ашты. Ал бұл қаражатты қайда жұмсауға болады? Біржолғы зейнетақы төлемдерін жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу және айырбастау шарттарымен толық төлем жасау үшін пайдалануға болады. Бұған қоса, үлескер ретінде алған баспанаңыздың құнын толық өтеуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ зейнетақы шотындағы қаражат жеткілікті болса, жеке үй салуға, соның ішінде жер учаскесін сатып алу үшін жұмсауға болады.

Зейнетақы қаржысына тұрғын үй сатып алу ережелері