Бірқатар облыста жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран) барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатарына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол».

Алматы – Ташкент – Термез автожолының 159-239 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін;

Алматы – Ташкент – Термез автожолының 165-212 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қордай ауылына дейін;

Алматы – Ташкент – Термез автожолының 536-593 шақырымы аралығы, Айша бибі аулынынан Түркістан облысының шекарасына дейін;

Алматы – Ташкент – Термез автожолының 593-654 шақырымы аралығы, Жамбыл облысының шекарасынын Машат ауылына дейін.

Өз кезегінде «Қазақавтожол» ЖШС жолдың жабылуы туралы шектеулерді және жол ережелерін сақтауды  сұрайды.