420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зейнетақы қаражатын емделуге жұмсау талаптары қаңтардың соңында жарияланады

  • 449
  • UPD: 18:14, 22.01.2021

Зейнетақының бір бөлігін емделуге жұмсау талаптары қаңтар айының соңында жарияланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты. Оның сөзінше, қазір бұл мәселені мемлекеттік мекемелер талқылап жатыр. Ортақ келісімге келген соң денсаулық сақтау министрі бұйрық шығарады. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, құжат кейіннен Әділет министрлігіне тіркеледі. Сондай-ақ ол шекті мөлшерден асқан қаражатты сирек кездесетін ауруларды емдеу үшін жұмсауға болатынын атап өтті.

Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы:

– Емделуге жұмсау жөнінде айтар болсақ, біз тек бірыңғай оператор қызметін атқаруға келісім бердік. Сондықтан Үкімет қаулысында емделуге байланысты төлемнің бәрі «Отбасы банк» арқылы өтетіні нақты жазылған. Бұйрықта сирек кездесетін аурулар мен оларды емдеу жөнінде айтылған. Тісті емдетуге де мүмкіндік бар. Жалпы ересек адамдар өз денсаулықтарын айтарлықтай жақсарта алады.

Осы тақырып бойынша өзге де материалдар:

Зейнетақы қаржысына тұрғын үй сатып алу ережелері

Зейнетақы жинақтарын алу: өтініш беру нақты қай уақытта басталады

Зейнетақы ақшасын жаратудың негізгі ережелері қандай?

Хабар 24 телеарнасы