«Хабар» арнасында «Хит жазамыз» бағдарламасы эфирге шығады

Бір сағаттың ішінде көптің көңілінен шығатын хит ән жазып шығу мүмкін бе?

«Хабар» арнасындағы «Хит жазамыз» бағдарламасында әр жексенбі сайын шығармашылық топтар ән жазудан сынға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24»

Елімізге белгілі ақын, сазгер мен ән өңдеушілер бар шығармашылық топтар өзара бақ сынайды. Композитор ән шығарып, ақын мәтін жазып, әнші жаңа әнді шырқап шығуы керек. Әр бағдарламада екі топ сайысады. Орындалған 2 жаңа туындының қайсысы үздік шыққанын қазылар алқасы анықтайды. Шығармашылық топ ән жазып жатқанда бағдарлама жүргізушілері Төреғали Төреәлі мен Ғазиз Ерболат әншілермен тарих пен мәдениет тақырыбында викторина жүргізеді.

«Жеңіске жеткен топқа бейнебаян түсіріледі. Екінші орынға Дубайға жолдама беріледі», - дейді ұйымдастырушылар. «Хит жазамыз» бағдарламасын жексенбі күні «Хабар» арнасында кешкі 19-45-те көре аласыздар.